Тыйым салынған ДАИШ ұйымы сарбаздарымен Сирияда қоянқолтық араласып, ұрысқан 14 қазақстандық сотта бір-біріне қарама-қайшы куәлік беруде. Сот кезекті куәгерден жауап алды. Ол - 2013 жылы Сәтбаев қаласынан Сирияға аттанған Данияр Алтаевтың лақап аты – Әбу Юсуф, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
27 жастағы қазақстандық Сирияға 5 жыл бұрын аттанған. Ол жақта арнайы әскери дайындықтан өтіп, қолына қару алған. Алтаевты Қазақстанға алып келгенде, ол ұрыс майданында шайқаспағанын, тек бала-шаға тұрған ауылды күзеткенін айтқан. Алайда сот тыңдалымы кезінде оның да ұрыс майданында болғаны белгілі болды.
Оның күрдтердің ауылына шабуыл жасағанда жаяу әскерді алыстан бүркемелеп тұратын көлігі болған.
- Үстінде пулемет орнатылған. Онда Нұрлан есімді тағы бір қазақ отырды. Ол ұрыс даласында көз жұмды. Біз үнемі ең соңынан қималдайтынбыз. Өйткені көлік артына жаяу әскер тығылатын. Әмір бұйрық бергенде ғана оқ атамыз.
Данияр оң қолынан жараланып ауруханаға түскен. Кейін тағы оң аяғынан жараланып, қазір аяғына темір салынған күйі жүр.
Сұрауға алынған екінші сотталушы Дәурен Сәбитұлы балаларды оқыту, жесір әйелдерге көмектесумен айналыса жүріп, күзет қызметінде де болған. Оның Отанына оралғысы келмеген, өйткені АҚШ-тағы атақты Гуантанамо түрмесіне түссем деп армандапты.
– Біз күрдтердің қолына түскенде, ол арада арабтар отырды. Олар Отанына қайтқысы келмейтіндерді АҚШ-тағы Гуантанамо түрмесіне айдайды деді. Ал ол арада жаза жеңілірек көрінеді. Мен түссем, сол араға түскенім дұрыс деп ойладым. Сондықтан менен Қазақстанда қайтасың ба дегенде басында бас тарттым. Оның себебі сол.
Жалпы, сотталушылар бір-бірін таныса да, жақын араласпадық деп ақталды. Тек кімнің қандай қызмет атқарғанынан хабардар. Олар тек Сирияға барғанын, соғысқа қатысқанын ғана мойындайды. Бірақ лаңкестік топ құрып, оны басқарды, елді терроризмге шақырды деген айыптаулармен келіспейді. Кейбірі тіпті «Аллаһу әкбарды» не үшін айтып жүргенін де білмейді.