Шардарада дүркіреп өткен Болат Назарбаевтың тойын жүргізген асаба, "Түнгі студия" телебағдарламасының жүргізуші болған Қайрат Әділгерей сұқбат беріп, өзінің ставкасы жайлы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол бұл жайында "Уақыт көрсетеді" авторлық бағдарламасына берген сұқбатында ағынан жарылды.
- ...Бөкеңнің тойында қызмет еткен Шардарадағы жігіттер: "Жақсы болды, енді бір жыл жұмыс істемейміз" деп айтып жатыр екен. Бұл рас па? Өзің ол кісінің қанша тойын жүргіздің?
- Ең бірінші Бөкеңнің тойын Қанат екеуміз жүргіздік. Жасыратын несі бар, басында қатты қорықтық. Тәтемізбен бас қосқанының 40 жылдығын Шамалғанда атап өтті. Сөйтсек, ол кісі туралы атмосфераны жасайтын айналасындағы адамдар екен. "Ойбай, Бөкең мынандайды жақтырмайды, алай-бұлай" деп қорқытып-үркіте береді. Ал шындығында ол кісі қарапайым, жүрегі кең, жақсы адам.
Мысалы, 2-3 ай бұрын "Диана" деген кафеде той болды. Сағат кешкі бес жарым. Той иесі: "Тез жет, тойды баста, Бөкең келіп алды" деп звандайды ентігіп. Содан: "Ол кісі үнемі ерте келеді шақырған жеріне. Бірақ той басталатын уақытқа дейін күтеді, оған уайымдамаңыз, бәрібір басқа адамдарыңыз келген жоқ қой" деп айттым. Сондай ол кісі. Ерте келеді шақырған жерге, бірақ "мына той неге басталмай жатыр" деп ешкімнің мазасын алмайды, елдің жиналғанын күтеді, бірінші болып сөз бастап береді де кетуге ыңғайланады.
Оқи отырыңыз: Танымал әзілкеш Ринат Зайытовқа ақыл айтты: Бәрібір істетпейді...
Шардарада Бөкеңмен екі метр тортты бірге кестік. Бірақ Шымкентте Тұрсынбек Қабатов басқарған тойдағы ғаламат торт бар ғой, соған жетпейді. Ол №1 торт енді.
Мен ол кісінің тойы екенін білмей қалдым (Шардарадағы). Өйткені маған ол кісінің адамдары тікелей шыққан жоқ. Арада делдал компания болған. Бағаңыз қанша деді, ойымдағыны айттым. Сөйтсем олар біраз "сындырыпты", той ұйымдастыру агенттігін айтамын.
Лаж болса, ондай ортаға жақындамауға тырысамын. Ал құрметтеп шақырып жатса, барамын еріксіз. Өйткені ондай тойлар ауыр болады. Жауапкершілік те зор, талап да жоғары. Ол арада адамдардың көңілінен шығу өте қиын. Ондай той жүргізгеннен, қарапайым халықтың 5-6 тойын жүргізген артық. Бірақ Бөкеңнің көңілінен шықты...
- Сол тойды ұйымдастырған жігіт айтты: "Қайрекеңе 5 пәшкі доллар ұстатып едім, риза болмады" деп, сол рас па? 5 пәшкіңіз 50 мың доллар ғой
- Қой, өтірік айтпасын. 50 мың долларға той басқаратын Қазақстанда адам жоқ. Ең қымбат ақыны Тұрсынбек алады бізде. Онда да онда 50 мың деген баға жоқ. Жасыратыны жоқ, өзім қала ішінде 1,5- 2 мың долларға тойға шығамын, ал сырттағы той үшін 3-5 мың доллар болады...