Үлкен Манчестер графтығындағы Дисли ағылшын қаласының тұрғыны бұрынғы сүйіктісінің ізіне түсіп, үрейлендіргені сонша, ол жұмысын тастап, туған жерінен кетуге мәжбүр болған, деп хабарлайды Lenta.ru.
Фитнес нұсқаушысы болып жұмыс істеген 35 жастағы Кейт Брукс Хит Спикмен деген жігітпен кездесіп, 3 жыл бірге тұрған. 2018 жылы олар бөлек тұруды жөн көріп, ат-жібін үзіспек болады. Бірақ қыздан айырылғысы келмеген жігіт бұған оңайшылықпен көне қоймайды.
Бруксты қайтару үшін жігіт, тіпті қатерлі ісікке шалдыққанын, оның көмегінсіз өмір сүре алмайтындығын айтып, оған хат жазады. Бұдан нәтиже шықпаған соң ол қоқан-лоқыға көшеді. Ол өз-өзін өлтіремін деп қорқытқан. Одан соң жігіт оған бәле жаба бастайды. Сен маған жыныстық жолмен ауру жұқтырдың деп шығады бірде. Осындай қорқыту-үркіту, аяныш туғызу сипатында ол қызға 1168 хабарлама жіберген.
Кілемдерді тазалаудың айналысатын жігіттің бірнеше электрондық поштасы болған. Сол арқылы ол қызға хат жолдап отырған. Бір күні ол Брукстің көлігінің алдыңғы әйнегіне плакат қыстырып кетіпті. Тағы да ол арада өзінің қыздың кесірінен венерологиялық ауруға шалдыққандығы туралы жазып, ескерткен.
Оған қоса ол Бруксты жұмысындағы Том деген жігітпен жүресің деп айыптаған. Қыздың әріптестері, ақырында оны үйіне дейін шығарып тастауға мәжбүр болған, өйткені қоқан-лоқыдан олар да хабардар болып алған еді соңында.
Қыз қанша жалынса да жігіттен оңайшылықпен құтыла алмаған. Таныстарына оның өз өмірін тозаққа айналдырғанын айтып, шағымданған. Ақыры ол шыдамай, бір күні бәрін тастап құрбысының үйіне көшіп барады. Жұмыстан да кетуге мәжбүр болады.
Бірақ іс мұнымен де бітпеген. Қашып кеткен қызға жігіт пәтерді бірге жалдап тұрғанда 3 мың фунт (1,5 миллион теңге) қарыз болғансың деп айып тағады. Осы кезде ғана қыз полицияға шағымданған.
Сот жігітті қыздың ізіне түсіп қудалағаны үшін кінәлі деп тапты.