...Бастық жауапқа тартылады. Президентке жаңа Заң жобасы жолданды

zib.com.ua
Бұл ереже соттың үкімі заңды күшіне енген немесе қалпына келтірілмейтін негізде қылмыстық іс тоқтатылған жағдайда қолданылады.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Алик Шпекбаев алқалы жиында агенттіктің бастамалары сипатталған "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын Президенттің қол қоюына жіберілгені мәлім болды, деп хабарлайды Zakon. кz.

Шпекбаев атап өткендей, агенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалық бірнеше жаңа бастамаларды көтеріп, оны құжат түрінде әзірледі.

- Бірінші. Мемлекеттік орган басшылары, саяси мемлекеттік қызметшілер қол астындағылары сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар болып, жауапқа тартылып жатса, онда оларға тікелей жауапты адам ретінде отставкаға кетуі керек, - деді агенттік басшысы.

Бұл ереже соттың үкімі заңды күшіне енген немесе қалпына келтірілмейтін негізде қылмыстық іс тоқтатылған жағдайда қолданылады.

- Екінші. Қол астындағыларды сыбайлас жемқорлықтан сақтау үшін ескерту шараларын қолданбаған мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары басшыларының жеке тәртіптік жауапкершілігі енгізіледі. Үшіншісі. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жасау пунктін қалыпқа келтіру. Осы үш бастама Президенттің қол қоюына жіберілген заң жобасында көрініс тапқан, - деді Шпекбаев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды