"Басталып кетті!". Зеленскийді "құлатқалы" жатыр - Елена Лукаш

delo.ua4 ноября 2019, 09:44 ✎ Редакт
Сонымен бірге, ол Зеленскийдің арқа сүйер әскери күші жоқ екенін баса айтты.

Украина президенті Владимир Зеленскийді орнынан «кетіргелі» жатыр деп мәлімдеді бұрынғы әділет министрі Елена Лукашты, деп хабарлайды РИА Новости.

Ол Зеленскийді президенттіктен айырғысы келетін кейбір саяси күштер іске кірісіп жатқанын айтты. Бұған себеп - Донбасстағы күштердің әкетілмеуіне байланысты. Экс-министр мұның ақыры бітімгершілік процесімен аяқталады, яғни "капитуляция" түрінде президент өкілдігін өз еркімен "тапсыратын шығар" деп есептейді.

- Зеленскийді құлатуға тырысады. Себептері мықты: капитуляция болатын шығар. Міне, шайқап, бастады, әне шайқалды, - деді Лукаш.

Сонымен бірге, ол Зеленскийдің арқа сүйер әскери күші жоқ екенін баса айтты.

Зеленскийге қиын болатынын өткенде Түркіменстанда өткен ТМД елдері саммитінде Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко болжап, өз пікірін жариялап та үлгерген екен. Ол бұл самитте кезінде Порошенкоға "ТМД-дан шықпаңдар, шықсаңдар президентке тықыр таянғанда қиын болады, кім келеді сонда көмекке сендерге" деп айтқанмын деп ағынан жарылған. Лукашенко сөзіне сөзбе-сөз тоқталсақ:

"Мен Сіздерді Зеленскийді қолдауға шақырамын. Өйткені бұл билікті "қиратып, шаққысы" келетіндер бар. Ал біз одан соң бұл билікке кім келетінін ойлауымыз керек қой. Бұл енді ұлтшылдардың дәнегі болмайды, одан да қиын болады (көзінің қиғымен жоғарыны көрсетеді). Сондықтан біз ТМД кеңістігінде не болып жатқанын зерттеп, оған дұрыс көзбен қарауымыз керек. Украина ТМД-дан шыққалы жатқанда Порошенкоға "ұнамаса саммитіне келмей-ақ қой, ал одан шығып керегі не, ертең өзіңе қиын болады ғой" деп айтқанмын. Жылы орнында қазір отыратын еді ғой. Сондықтан, әсіресе қазіргі қысылтаяң кезеңде ақылға қонбайтын шешім қабылдауға болмайды. Асығуға болмайды", - деді ол қазан айында Ашхабатта өткен ТМД елдері басшыларының саммитінде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1 қарашада қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Алғашқы финал: Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды

Тоқаев Марокко мен Кубаға жаңа елшілерді тағайындады: олар туралы не белгілі

Мемлекет басшысы Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады