Раиса Мұхамедияровамен қоштасу 7 қарашада өтеді

inform.kz
Раиса Мұхамедиярова 5 қарашада таңертең көз жұмды.

Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген әртісі Раиса Мұхамедияровамен қоштасу 2019 жылғы 7 қарашада сағат 10:00-де Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында өтеді (Абылай хан даңғылы, 38), деп хабарлайды Zakon.kz.

Раиса Мұхамедиярова 5 қарашада таңертең көз жұмды.

Раиса Мәжитқызы Мұхамедиярова 1939 жылы 11 шілдеде Семей облысы Көкпекті ауылында дүниеге келген.

ҚазССР-і мен Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, КСРО кинематографистер одағының мүшесі. Қазақ киносы мен театр саласына өлшеусіз еңбек сіңірген актриса. "Менің атым Қожа " және басқа да бірқатар фильмдерге түскен.

1964 жылы Раиса Мұхамедиярова Қазақстанның халық жазушысы Ғабит Мүсіреповке күйеуге тиген. Екеуі сегіз жыл бірге тұрды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Жұмыстан босатылған қазақстандықтарға төленетін әлеуметтік төлемдер: мемлекеттен қалай көмек алуға болады

2025 жылға арналған әкімдіктердің қарыз лимиті бекітілді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты