ҚР ІІМ Тергеу департаментінің басшысы жаңадан тағайындалды

ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Жаңа басшы Санжар Әділов болды.

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Ішкі істер министрлігінің басшылығына Тергеу департаментінің жаңа басшысын таныстырды. Ол Санжар Әділов болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен полиция полковнигі Әділов Санжар Аскенұлы ҚР Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы болып тағайындалды.

1977 жылы туылған Әділов ішкі істер органдарында 1999 жылдан бастап жұмыс істейді. Басшылық қызметте тәжірибесі бар.

Әр жылдары ол ішкі істер органдарының тергеу бөлімдерінде (ішкі істер және қаржы полициясы), ҚРІІМ тергеу департаментінде жұмыс істеді. 2013 жылдан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының полиция департаменті бастықтарының орынбасары қызметін атқарды.

Тұрғымбаев министрліктің орталық аппараты басшылығы құрамына Президенттің қылмысқа қарсы тұру, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде полиция алдына белгілеген міндеттерін еске салды.

"Тергеу бөлімшелері азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтай, сондай-ақ жазадан сытылып кетпеу принципін қамтамасыз ете отырып, қылмысты тез және толықтай ашуы тиіс", - деп атап өтті министр Ерлан Тұрғымбаев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін