Қаржыны халықтың ең маңызды мәселелеріне жұмсау қажет – Н.Нығматулин

Ж.Құспанов
Оңды-солды бағдарламалар ойлап таппай, қаражаттың әрбір азаматтың игілігіне тиімді жұмсалуын қатаң бақылауға алу керек.

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулинннің төрағалығымен өтіп жатқан жалпы отырыста мемлекетіміздің әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мәселелеріне қатысты заң жобасы бірінші оқылымда талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Парламенті Мәжіліс Аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы заң жобасының маңыздылығына айрықша назар аударған Н.Нығматулин әсіресе, заң жобасында көрсетілген шағын және орта бизнестен түсетін корпортивтік табыс салығы түсімдерін жергілікті бюджетке беру жайына баса көңіл бөлді. Мәжіліс Төрағасы:

- Шын мәнінде, осы корпоративтік табыс салығын жергілікті бюджетке беру туралы шешім өте орынды, өте қажетті. Енді жергілікті атқарушы органдар түсетін барлық қаржыны халықтың ең маңызды мәселелерін шешуге жұмсау қажет, - дей келіп, қаражат түсті екен деп оңды-солды бағдарламалар ойлап таппай, қаражаттың әрбір азаматтың игілігіне тиімді жұмсалуын қатаң бақылауға алу керектігін атап өтті.

Сондай-ақ, Палата Спикері атап өткендей, корпоративтік табыс салығынан түскен қаражат аймақ тынысына серпін беріп қана қоймай, шағын кәсіпкерліктің дамуына да жол ашуға тиіс.

Талқылау соңында Мәжіліс Төрағасы бүгінгі айтылған барлық ұсыныс-пікірлер екінші оқылымға дейін жан-жақты пысықталу керектігін тапсырды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды