Қазақстанда 20 мың адам теріс ағымның жетегінде жүр

haqjoly.kz
Ең сорақысы – солардың көбі жастар екен.

Дүмшелердің шырмауына түскендердің дені Атырау, Түркістан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында тұрады. Алматы мен Нұр-сұлтан қалаларында да біразы бар. Бұл туралы имамдар форумында антитеррористік орталық басшысының орынбасары Сергей Швейкин мәлімдеді, деп хабарлайды Хабар 24.

Былтыр жат ағымның жетегінде жүрген 800-ге жуық отандасымыз елден кеткен екен. Көбі Таяу Шығысқа қарай ағылған. Қазақстандықтардың алғашқы легі 2008 жылы Ауғанстанға барып әл-Каида ұйымына мүше болды. Ал 2013 жылдан бастап отандастарымыз Сирия мен Иранға қарай беттепті. Ең сорақысы – солардың көбі жастар екен.

Сергей Швейкин, ҚР ҰҚК антитеррористік орталық басшысының орынбасары:

– Өткен жылы 800-ге жуық отандасымыз елден кетті. Олардың көбі соғыста қаза тапты, тірі қалғандары басқа мемлекетке қашты. Қазір соларды Қазақстанға қайтарып жатырмыз. Біздің елдің азаматтары ДАИШ, әл-Каида, Хайат-Тахрир-аш-Шам сынды лаңкестік ұйымдарға мүше атанған. Олардың барлығы теріс ағымның жетегінде кеткендер.

Диструктивті діни ағым өкілдері өздерінің уағызын көбіне әлеуметтік желі арқылы жүргізеді. Сондықтан, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі күмәнді жазбаларды жойып, қауіпті сайттарды бұғаттап жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты