Үкімет карта арқылы аударылатын ақшадан салық алғалы жатыр

Салық барлық транзакция түрлерін қамтиды, алайда ақша аударымы тек бір рет жасалып, онда да жақын адамына жіберілсе, олардан салық алынбайды.

Қазақстандықтардың карта арқылы ақша аударымдарына салық салу мәселесі қарастырылуда, деп мәлімдеді Сенаттың отырысында Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Электронды түрде төлем аудаымдары жүзеге асырылады, міне соларға салық салынуы тиіс. Егер аударылған ақша адамның табысы болса, әрине одан салық ұсталуы тиіс. Егер аударылған ақша табыс көзді болса, бұл арада көптеген сұрақ туындайды, оны жақсы білесіздер, табысты электронды түрде лақтырады қазір, - дейді Шолпанқұлов.

Оның айтуынша, бұл шара тек бір банкке қатысты емес, барлық транзакция түрлерін қамтиды, алайда ақша аударымы тек бір рет жасалып, онда да жақын адамына жіберілсе, олардан салық алынбайды.

- Бұл - барлық транзакцияларға қатысты. Ол ақшаның алатын адам бар, салық органы сол шотты бақылайтын болады. Мысалы, әртүрлі адамдардан төлем келіп түсе бастайды, бұл қай сасқаны? Неліктен әркім ол адамға 1000 теңгеден аудара бастайды? Әрине, ол табыс ақша екені анық. Егер сіз әкеңізге ақша аударсаңыз, ол бір-екі рет жасалатын шығар, бірақ оған үнемі ақша аудара бермейтін шығарсыз. Сондықтан электронды карталарға аударылатын ақшалар ағынын ешқандай қауіп-қатерге бас тікпей бақылайтын жүйе құрылады. Бүкіл ақша - төлем аударымынан салық алынады деп ойламаңыздар, тек үнемі әрі тұрақты төлемдер бірден назарға алынады, - деп түсіндірді вице-министр.

Ол Қаржы министрлігі бұл мәселеге қазір ғана назар аударып отырмағандарын, осыған дейін оны зерттеп-талдап келгендерін баса айтты.

- Біз үнемі электрондық коммерция мәселелерін зерттеп келеміз. Бізде ақша толтырып, төлем жасайтын автомат машина көп. Қазіргі уақытта барлық электронды транзакциялар бойынша талдау жүргізілуде, - деді Шолпанқұлов.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: