Арыста "ALTYN KÚZ – 2019" облыстық спартакиадасының ашылу салтанаты өтті

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Облыстық және аудан, қалалардың ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерінен құралған 21 команда кіші футбол, арқан тартыс және волейбол сынды командалық ойындардан сынға түсті.

Арыс қаласында Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамыту, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында "ALTYN KÚZ – 2019" облыстық спорттық сайысы өтті. Шараға Түркістан облысы мен аудан және қалалардың ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген 400-ге жуық мемлекеттік қызметкер қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық және аудан, қалалардың ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерінен құралған 21 команда кіші футбол, арқан тартыс және волейбол сынды командалық ойындардан сынға түсті.

Тартысты додада Волейболдан І орынды облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, ІІ орынды Созақ ауданы, ІІІ орынды Арыс қаласы иеленді. Арқан тартыстан І орынды Арыс қаласы, ІІ орынды Созақ ауданы, ІІІ орынды Мақтарал ауданы жеңіп алды. Кіші футболдан І орынды Жетісай ауданы, ІІ орынды облыстық ветеринариялық лабороториясы, ІІІ орынды Сайрам ауданы ие болды.

Жеңімпаз және жүлдегер командалар Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының дипломдарымен және кубоктармен марапатталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

17 наурыз – "Шаңырақ күні". Қазақта "Шаңырақ көтеру" атты ерекше салт-дәстүр болған

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады