Кремль Назарбаевтың ұсынысына қатысты пікір білдірді

kremlintour.com
Оған жақсы дайындық керек - Песков.

Кремль Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей-Украина қатынастарын орнатудағы күш-жігерін жоғары бағалайды, - деді Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұған дейін Назарбаев Қазақстанда Ресей мен Украина басшыларының кездесуін ұсынған болатын. Ол Украина басшысы Путинмен "бейтарап алаңда" келіссөздер жүргізуге келіскенін атап өтті. Өз кезегінде, Песков атап өткендей, Ресей президенті Путин де Зеленскиймен кездесуден бас тартпайды, бірақ, әзірге барлығы алда өтетін "Норман форматына" дайындық қамына кіріскен.

- Путиннің өзі мұндай кездесулерден ешқашан бас тартпайтынын айтты, бірақ ол кездесу үшін кездесу аз пайда әкеледі деп санайды, сондықтан оған жақсы дайындық керек. Осыған байланысты біз қазір "Норман форматындағы" процестің дайындығына баса көңіл бөлудеміз. Бұл үшін, әрине, тараптар Минскіде келіскен барлық міндеттемелерді орындау керек, - деді Песков.

Ол Мемлекет басшысы, әрдайым Киев пен Мәскеу арасындағы қарым-қатынасты "тірілтудің" және олардың "қалыпты жағдайға оралуының" жақтаушы болғанын баса айтты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі