"Нұрсұлтан" атындағы зымыран кешеніне 330 миллион доллар бөлінеді

inbusiness.kz
Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путиннің "Бәйтерек" зымыран кешенінің атауын "Назарбаевқа" өзгерту ұсынысын қабылдаған.

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мәмин "Бәйтерек" зымыран кешенін дамытуға бюджеттен шамамен 330 миллион доллар бөлінетінін айтты, деп хабарлайды centralasian.org.

Қыркүйек айында Ресейдің ақпарат құралдары кешен атауын Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне өзгерту бастамасы туралы жазған.

"Биыл сәуір айында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин Байқоңыр ғарыш айлағындағы ауқымды жоба - "Бәйтерек" экологиялық қауіпсіз ғарыш зымыран кешенін дамытуды тапсырды" деді Асқар Мәмин. Премьердің Нұр-Сұлтанда "Байқоңыр - әлемнің ғарышкерлік бесігі" форумында айтқан бұл мәлімдемесін "Интерфакс" агенттігі таратты.

"Интерфакс" жобаны "Назарбаев старты" деп атау жөнінде Ресей бастама көтергенін атап өткен.

Қыркүйек айында Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путиннің "Бәйтерек" зымыран кешенінің атауын "Назарбаевқа" өзгерту ұсынысын қабылдаған.

Биыл наурыз айында президенттіктен кетсе де, ықпалды билігін сақтап қалған Назарбаевтың құрметіне Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан деп өзгертілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз