"Жусан" арнайы операциясы кезінде Қазақстанға оралған, бес жыл бұрын жиһадқа аттанған ақтөбелік Данабек Төреханов туыстарын Сирияға көшіріп әкелгені үшін ДАИШ өзіне 3500 АҚШ долларын төлегенін мойындады, деп хабарлайды BaigeNews.kz.
Төреханов және оның басқа тыйым салынған террористік ұйымдағы 13 жақтасымен бірге Нұр-Сұлтанда сотталуда.
- ИГИШ-те идарда (әкімшілік орган - ред.) ақша аударымымен айналысатын арнайы адамдар бар. Оларға тек ағамның нөмірін бергенмін. Ақшаны Қазақстанға Түркия арқылы аударды. ИГИШ 3500 доллар аударды. 2014-2015 жылдары олар туыстарын көшіргендерге осылай ақша аударды. Мен де өтініш беріп, ол ақшаны алдым. Мен оларды ИГИШ-те өмір сүруге шақырдым, ол кезде жағдай жақсы, жер көп еді, - деді сотталушы.
Мұны естіген оның ағалары Сирияға көшуді ұйғарады, әкелерін де қоса ала кетпек болады, бірақ жолда бұл отбасыны ҰҚК қызметкерлері ұстады. Олардың сот процесі 2016 жылы өтіп, Олар террористік топтың қызметіне қатысқаны үшін кінәлі деп танылып, 6 жылдан 8 жылға бас бостандығынан айырылып, колонияға жіберілді.
Судья Төрехановты туыстарын көшіру үшін не үшін ақша бөлгенін және олар Сирияға келгенде ДАИШ қатарында соғысуы керек пе еді деген мәселені де нақтылай кетті.
- Онда бәрін бірдей соғысуға мәжбүрлеген жоқ, бірақ ақшаны, тек катибтағыларға (батальон - шамамен ред.) төледі. Су тасушы немесе электрик болуға болатын, яғни мүлдем жұмыс істемегендерге ақша жоқ. Егер менің әкем мен ағаларым келсе, онда олар үшін жұмыс табылар еді. Мен өзім топографиямен айналыстым, карталар жасадым. Ол кезде мен сол идеологияны ұстанып, оны дұрыс деп ойладым. Тек 2017 жылы мен қателескенімді түсіндім. Ештен кеш жақсы деген. Оларды қауіпсіздік қызметкерлері ұстағаны жақсы болған. Сирияда оларға не болатынын ешкім білмейді, - деді Төреханов.
Басқа екі айыпталушы - Нұрлан Камалов пен Аманжол Жансеңгіров 2014-2015 жылдары Сирияға достары мен туыстарын көшіріп әкелгендерге ДАИШ ақша төлегенін растады.
22 қазанда тыйым салынған ДАИШ террористік ұйымының бұрынғы жақтастарына қатысты сот процесі басталды. Атышулы істің сот отырысы ҚР Ішкі істер министрлігінің 166/10 колониясында ашық режимде өтуде, бұқаралық ақпарат құралдары және сотталушылардың туыстары бұл процесті бақылап отыра алады. Іс 93 қылмыстық томнан тұрады.
Еске салсақ, 2019 жылы Қазақстан Сириядан қазақстандықтарды Отанына қайтару үшін "Жусан" арнайы операциясын өткізді. Операция кезінде 600-ге жуық азамат, оның ішінде 406 бала майдан алаңынан Отанына қайтарылды, оңалту орталықтарында болып, қоғамға қайта қосылды.
Бұған дейін ҚР ҰҚК Сириядан оралған 15 қазақстандықтың Қазақстанда тыйым салынған "ДАИШ" халықаралық террористік ұйымының қатарында болғаны үшін түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылғаны хабарланды.