Өскеменде Жамбыл Жабаевтың ескерткіші орнатылды

Хабар 24
Ескерткіштің ашылу салтанатына қатысқандар арасында Жамбыл Жабаевтың ұрпақтары да болды.

Өскеменде жыр алыбы Жамбылға ескерткіш қойылды, деп хабарлайды Хабар 24.

Өз есімімен аттас саябақ ішінде бой көтерген мүсіннің биіктігі - 2,5 метр. Қолына домбырасын ұстаған абыз ақынның асқақ бейнесі бірнеше баспалдақтан тұратын тұғырдан мен мұндалап тұр. Қоладан құйылған туынды авторлары - алматылық мүсіншілер Сәрсен Сейітов пен Қазыбек Дулатов.

Ескерткіштің ашылу салтанатына қатысқандар арасында Жамбыл Жабаевтың ұрпақтары да болды. Жалпы дүлділ бабамыздың есімі бұл өлкеде кеңінен насихатталып жатыр. Бүгінгі күні өңірде Жамбыл Жабаев атындағы 33 көше, 5 мектеп, 3 елді мекен және бірнеше саябақ бар.

Салтанат Жамбылова, Ж.Жабаевтың немересі:

- Қазақстандық қалаларды айтпағанда, Сербияда қойылды, Анкарада ашылды, Санкт-Петербургте ашылды. Украинада ескерткіш ашылды.Енді Шығыс Қазақстан облысында қойылғаны аяқ асты болды, өздері әріректен ғой, енді жоспарлаған шығар, бірақ әсеріміз шексіз, қуаныштымыз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі