Тамақтың қымбаттағанына үш вице-министр мен бес әкім орынбасары кінәлі

primeminister.kz
Мүдделі мемлекеттік органдарға жұмыс тобын құрып, бір апта ішінде әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасын тұрақтандырға тапсырма берілді.

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын көтергені үшін вице-министрлер мен бірнеше облыс әкімдерінің орынбасарларын жазалауды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Мүдделі мемлекеттік органдардың ішінен жұмыс тобын құрып, бір апта ішінде әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді шаралар жүзеге асыру қажет. Үш күннің ішінде Премьер-Министр Кеңсесіне менің атыма азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу мәселесімен шұғылдануы тиіс ауыл шаруашылығы, ұлттық экономика, сауда және интеграция вице-министрлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту бойынша ұсыныс хат жолдансын, - деді Мамин үкімет отырысында.

Сондай-ақ Үкімет басшысы Ақтөбе, Петропавл, Көкшетау, Тараз және Жамбыл облысы әкімдерінің орынбасарларын жауапқа тартуды тапсырды.

- Мемлекет басшысы бағаның өсуіне жол бермеңдер деп үкімет алдына маңызды әлеуметтік міндет қойды. Біз әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасының өсуіне жол бермеуіміз керек. Мен уәкілетті мемлекеттік органдарға, әкімдерге жағдайды ерекше бақылауда ұстауды тапсырамын, - деді Премьер-министр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі