2020 жылдан бастап газбен жүретін көліктерді паркингке қояға рұқсат берілмейді. Жыл соңына дейін осындай заң жобасы қабылданбақ, деп хабарлайды Хабар 24.
Бұл туралы еліміздің төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер мәлімдеді. Оның айтуынша, соңғы уақытта газ баллон орнатқан көліктердің жарылуы жиілеп кеткен. Мұндай көліктер қазір тұрғын үйлердің жер асты тұрақтарына да, сауда-ойын-сауық орталықтарына да емін-еркін кіріп жүр. Жүргізушілердің көбі арзан бағасына қызығып, дәстүрлі отыннан газға көше бастаған. Сапасыз баллон орнатып алғанда, қауіп туралы ойламайды дейді. Жалпы күн суытқалы бері автокөліктердің отқа орануы жиілеген. Тек өткен аптада ғана автокөліктердің өртенуінің 68 жағдайы тіркелді.
Владимир Беккер, ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы:
– Газдан болатын қауіптің алдын алу мақсатында біз ережелердің, соның ішінде құрылыс ережелерінің талаптарына тиісті өзгерістер енгізу қажеттігін ойластырдық. Себебі газ бензинге қарағанда қауіпті. Әсіресе, көлік жер асты тұрағында тұрса, қауіп ұлғая түседі. Жарылыс болған жағдайда салдары өте ауыр болады. Үлкен ғимарат қирауы мүмкін. Газ жабдығы бар автомобильдердің жер асты паркингтеріне кіруіне тыйым салу туралы ұсыныс жасап жатырмыз.