"5-20-25" бойынша кімдер үй ала алады

cian.ru
Өскенбаев 5-20-25 бағдарламасының кезегі қандай болатынын түсіндірді .

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев "5-20-25" бағдарламасы бойынша бірінші кезекте кімдер баспана ала алатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

- Кезек санаттар бойынша бөлінген – көпбалалылар, жетім балалар, мүгедек баласы бар отбасылар, мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік қызметкерлері. Алайда баспанаға шын мұқтаж немесе мұқтаж емес екенін санатына қарап қана пайымдауға болмайды. Мемлекеттік қызметкерлердің де түр-түрі бар. Менің жалақым еңбек жолын енді бастаған маманнан жоғары, ал заң бойынша екеуміздің кезекте тұру құқығымыз бірдей болып шығады. Сол себепті біз табыстар бойынша шектеулер енгізуді шештік, - деді баспасөз жиынында Өскенбаев.

Оның сөзінше, мұндай баспанаға бірінші кезекте жан басына шаққанда бір ең төменгі күнкөріс табысы, немесе 30 мың теңгеден келетін отбасылар үміткер бола алады.

- Екінші сатыда – адам басына екі ең төменгі күнкөріс табысынан, 60 мың теңгеден келетін отбасылар тұр. Олар үшін біз жылына 2% жеңілдетілген несие қарастыруымыз керек. Қазір "Бақытты Отбасы" бағдарламасы сәтті жұмыс істеп жатыр. Әрбір отбасы мүшесіне шаққанда 3,1 ең төменгі күнкөріс табысы – 90 мың теңгеден келетіндер үшін Тұрғын-үй Құрылыс-жинақ банкіндегідей тетік ұсынамыз, бұл 20 жылға жылына 5%, алдын-ала жарнасы 10% болатын несие, - деді вице-министр.

Ал табысы одан жоғары отбасылар баспананы "7-20-25" бағдарламасы бойынша немесе екінші деңгейлі банктерден ала алады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды