Қазақстанда көлік салығын төлеу мерзімі өзгертілмек

lada.kz
Жеке тұлғалар үшін көлік құралдарының салығын төлейтін салық кезеңін 31 желтоқсаннан 1 сәуірге ауыстыру ұсынылды.

Салық заңдарына енгізілуі мүмкін өзгерістер туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Салықтық әдістеме департаменті директорының м.а. Дәулет Жарылғасынов баспасөз жиынында айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның ішінде жеке тұлғалар үшін көлік құралдарының салығын төлейтін салық кезеңін 31 желтоқсаннан 1 сәуірге ауыстыру ұсынылған екен.

- Төртінші деңгейлі бюджеттің уақытылы түсуін қамтамасыз ету үшін "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасымен жеке тұлғалар үшін көлік құралдарына салық төлеу мерзімін салық кезеңінің 31 желтоқсанынан жылдың 1 сәуіріне ауыстыру ұсынылған, - деді ол.

Сонымен қатар, оның айтуынша, мүлік салығы мен жер салығын біріктіру жоспарланған.

- Заң жобасы жеке тұлғалардың мүлік салығы мен жер салығын төлеуді жеңілдету мақсатында салық элементтерін өзгертпестен осы салықтарды біріктіруді (оңтайландыруды) ұсынады (салық салу нысаны, салық базасы, ставкалар, есептеу және төлеу тәртібі). Бұл жағдайда жер мен мүлікке салынатын салық жеке-жеке қарастырылғанымен, салық төлеушіге бір сома (бюджеттік жіктеудің бірыңғай коды) ұсынылады, - деп түсіндірді Дәулет Жарылғасынов.

Сонымен бірге пәтерлі үйлердің иелері үшін жер салығы жойылады. Бұған себеп - салық сомасының тым елеусіз болуы және нысандардың көптігі мен есептеудің күрделілігіне байланысты әкімшілік шығындардың туындауы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды