Қызылордада ұялы телефонмен сөйлескен сарбаз 2 күнге қамалды

gazeta.ru
Ол Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 652-бабының 5-бөлігімен кінәлі деп танылды.

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 652-бабының 5-бөлігімен Ұлттық Ұланның әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметкері сарбаз С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл іс көшпелі сот отырысында Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің Ұлттық Ұланның №5547 әскери бөлімінде, жас сарбаздардың жауапкершілігін күшейту, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, жедел мақсаттағы ротаның сарбаз-атқышы С. 13.11.2019 жылы Қызылорда қаласында бекітілген аймағы бойынша қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында қызмет атқарып тұрып, жеке ұялы телефоны арқылы қызметтік емес сөйлесулер жүргізіп, қызметіне жауапсыздық танытқан.

Сот қаулысымен өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлға С. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 652-бабының 5-бөлігімен кінәлі деп танылып, 2 тәулік әкімшілік қамауға алынды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді