Нұр-Сұлтанда көшеге қар төккен адам жауапқа тартылды

Елордада қар мен қоқысты шығару үшін арнайы орындар бөлінгенін қалалық әкімдік жергілікті тұрғындар есіне салады.

Нұр-Сұлтан қаласында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері жүргізілген рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде 300-ден астам құқықбұзушылық анықталды, деп хабарлады Zakon.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Соңғы 10 айда табиғатты қорғау полициясының қызметкерлерімен белгіленбеген орындарда қар, қоқыс қалдықтарын және зәр-нәжіс суын төккен 300-ден астам құқықбұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осылайша, қараша айында полициясы қызметкерлерімен Тұран даңғылының бойындағы белгіленбеген орынға қар төккен "Камаз" маркалы жүк көлігінің жүргізушісі анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабы, яғни "Аббаттандыру қағидаларын бұзу" бойынша 25 жасар елорда тұрғынына 20 АЕК көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды", делінеді хабарламада.

Елордада қар мен қоқысты шығару үшін арнайы орындар бөлінгенін қалалық әкімдік жергілікті тұрғындар есіне салады:

- "Алматы" ауданының аумағында - Железнодорожный тұрғын алабы ауданында, туберкулезге қарсы диспансер жағында;

- "Сарыарқа" ауданының аумағында - Тілендиев даңғылы, Астрахан тас жолы 5 км ЕПМ-ге кіріске қарсы;

- "Байқоңыр" ауданының аумағында - Алаш тас жолы бойынша ЭКО полигонға қарсы;

- "Есіл" ауданының аумағында - Тұран даңғылы 89 бойынша Қазанат ипподромы ауданы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: