Түркістан облыстық жедел жәрдем қызметі 16 жаңа медициналық көлікпен толықты

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Көліктер соңғы үлгідегі өкпені жасанды желдету аппаратымен, электрокардиограф, аспиратор және тағы да басқа аса қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Түркістан облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына толық жабдықталған, заманауи талапқа сай жаңа көліктер берілді.

Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев және облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшылығы мен медицина саласының қызметкерлері қатысты. Дамыған елдердің бір жоғары көрсеткіші-дер кезінде жететін жедел жәрдем. Бүгінде облысымызда жедел жәрдем көрсету станциясы мен оған қарасты аудандық бөлімшелер қызмет көрсетеді. Адам өміріне бірден-бір жауапты сала ісі ілгері дамуы үшін бүгін 16 бірдей жедел жәрдем көлігі қолданысқа берілді.

Жиыннан соң «Газель-NEXT» маркалы автокөліктер облыстық жедел жәрдем станциясының аудандық бөлімшелеріне жол тартты. Көліктер соңғы үлгідегі өкпені жасанды желдету аппаратымен, электрокардиограф, аспиратор және тағы да басқа аса қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Алдағы уақытта облыстың медицина саласын қосымша 26 арнайы көлікпен қамту жоспарлануда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді