"Нұрлы Сұлтан – Нұрсұлтан". Жағымпаздар маршына лайық ән шықты

facebook.com
Бүкіл әлем таң қалған, парасатты, данышпан! Мойындаған бар ғалам, Нұрлы Сұлтан – Нұрсұлтан!

Желіде "Нұрлы сұлтан – Нұрсұлтан" атты әннің мәтіні жарияланды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Ән мәтінінің" толық нұсқасы zharar.com сайтында тұр, дейді zanmedia.kz.

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың суретімен.

Аяқ жағында "Сөзі: Болат Кенішбаев. Әні: А.Ж.Есмұханов. Орындаған: С.Салмакеев. Астана – 3.12.2012 жыл" деген анықтамасы да бар екен.

Толық нұсқасы мынау:

"Ел бағына туылған,
Ұлтқа ұран, ту болған,
Халқы патша сайлаған,
Нұрлы Сұлтан – Нұрсұлтан!

Қазақ елін басқарған,
Шекарасын салдырған,
Дербестікке бастаған,
Нұрлы Сұлтан – Нұрсұлтан!

Қайырмасы:
Бүкіл әлем таң қалған,
Парасатты, данышпан,
Мойындаған бар ғалам,
Нұрлы Сұлтан – Нұрсұлтан!

Жасты еңбекке баулыған,
Ақсақалын сыйлаған,
Салт-дәстүрді сақтаған,
Нұрлы Сұлтан – Нұрсұлтан!

Дін мен ұлтты жинаған,
Мәмілеге шақырған,
Бейбіт күнге жол салған,
Нұрлы Сұлтан – Нұрсұлтан!

Қайырмасы

Ұрпақтарға балдырған,
Біліміңмен бағалан,
Өсиетін қалдырған,
Нұрлы Сұлтан – Нұрсұлтан!

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Қазақтың алғашқы әйел дәрігері Аққағаз Досжанова туралы не білеміз

Қазақстан үкімет отырысын өткізудің жаңа форматына көшті