Дербісек елді мекенінде бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығы ашылды

Пресс-служба акима Туркестанской области
Орталық бір ауысымда 120 науқасқа қызмет көрсете алады.

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданына қарасты Дербісек ауылдық округынде ашылған емдеу мекемесі қосымша Қызылжар, Ақжар және Жемісті елді мекендерінің 19 мыңға жуық халқына мамандандырылған медициналық қызмет көрсететін болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауыл тұрғындары үшін көп көмегі тигелі отырған бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығының ашылу салтанатына Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев және ауыл ақсақалдары қатысты. Орталық бір ауысымда 120 науқасқа қызмет көрсете алады.

10 адамға арналған күндізгі төсек орынмен және заманауи үлгідегі медициналық техникамен қамтамасыз етіліп отыр. Жалпы Сарыағаш аудандында 500 ден астам науқасқа арналған орталық аурухана, емхана және 18 дәрігерлік амбулатория мен 30-ға жуық фельдшерлік акушерлік пункт қызмет көрсетеді. Аудандық ауруханада күні кеше триаж жүйесі мен жарақат тірегі ашылған.

Сонымен қатар 2 дана лифтпен қамтылды. Дәрігерлерінің басты ұстанымы - сапалы медициналық қызметпен емделушілердің сенімін ақтау.

Жаңадан ашылып отырған бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығында ауыл тұрғындарына сапалы мамандандырылған дәрігерлік ем көрсетілетін болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Димаш Құдайбергеннің әлемдік турына әр елдегі жанкүйерлері қазірден бастап дайындалып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын қашан жасайтынын айтты