Қазақстан әйелдер қауіпсіздігі рейтингінде 43-ші орынға тұралаған

Pixabay
Қыз-келіншектер үшін ең қолайсыз үш мемлекет: Сирия, Ауғанстан, Йемен.

Қазақстан әйелдер қауіпсізігі деңгейі бойынша БАӘ-ні басып озып, бірақ Ямайкаға жол беріп, 43-орынға тұрақтаған, деп хабарлайды Zakon.kz Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Ғаламдық рейтингтің үздік бестігін Норвегия бастайды. Одан кейін Швейцария, Финляндия, Дания мен Исландия тұр.

Топ ондықты Дания, Исландия, Австрия, Ұлыбритания, Люксембург, Швеция және Нидерланды сынды мемлекеттер жалғастырады.

Міне, бұл елдерде қыз-келіншектерге еш алаңсыз өмір сүруге болады.

Ал Қазақстан 167 елдің ішінде 43-орында тұр. Рейтинг 3 критерий бойынша анықталған: қыз-келіншектердің елдің саяси-экономикалық, салаларға тартылуы, қоғамдағы қауіпсіздіктің сақталуы және әділдіктің орнауы, жыныстық теңсіздіктің сақталуы.

Рейтингтің соңында мына үш мемлекет тұр: Сирия, Ауғанстан, Йемен.

Есесіне, Қазақстан Орталық Азия және Орталық әрі Шығыс Еуропада әйелдердің жалақымен жақсы қамтылуы жағынан І-орында тұр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео