Шалқар жол дистанциясының бастығы жұмысқа алу үшін 1 млн 200 мың теңге сұрады

7news.kz
Шалқар жол дистанциясының бастығы пара алғаны үшін сотталды

Ақтөбе облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осыған дейін хабарлағандай, "ҚТЖ" АҚ филиалы Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің Шалқар жол дистанциясының бастығы А.К.Каракушиковке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілген болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол азаматтан баласын жұмысқа орналастырғаны үшін жалпы сомасы 1 млн 200 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.

А.ж. 21 қарашада Шалқар аудандық сотының үкімімен аталған тұлға пара алғаны үшін айыпты болып танылып, оған өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айыра отырып, 36 млн теңге айыппұл төлеу жазасы тағайындалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты