Желтоқсанда мереке күндері қосымша пойыздар жолға шығады

Хабар 24
Қосымша пойыздар Тұңғыш Президент күні, ҚР Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл мерекесі күндері жүреді.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ желтоқсан айындағы мереке күндері 4 бағыт бойынша қосымша пойыздар шығарады, деп хабарлайды Zakon.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қосымша пойыздар Тұңғыш Президент күні, ҚР Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл мерекесі күндері жүреді.

"Алматы-2 – Шымкент" бағыты бойынша 12 рейс "ІІ-ші Алматыдан" 28 қараша күні, желтоқсан айының 2, 5, 9, 12, 16, 19, 23, 26, 30 жұлдыздары және 2020 жылдың 2, 6 қаңтар күндері шықса, сәйкесінше Шымкент қаласынан 29 қараша, 3, 6, 10, 13, 17, 20, 24, 27, 31 желтоқсан және 3, 7 қаңтар күндері кері бағытта аттанады.

"Алматы-2 – Түркістан" бағыты бойынша 4 рейс "ІІ-ші Алматыдан" 28 қараша және 5, 17, 24 желтоқсан күндері, ал Түркістаннан сәйкесінше 29 қараша және 6, 18, 25 желтоқсан күндері кері бағытта жүреді.

"Маңғыстау-Бейнеу" бағыты бойынша күнара Маңғыстаудан 28 қарашадан бастап 2020 жылдың 6 қаңтарына дейін жұп күндері, ал Бейнеуден 29 қарашадан бастап 2020 жылдың 7 қаңтарына дейін тақ күндері жүреді.

"Нұр-Сұлтан-Шу" бағыты бойынша "Тұлпар-Тальго" вагондарымен жасақталған екі рейс 31 желтоқсаннан бастап 2020 жылдың 2 қаңтарына дейін қатынайды.

Сондай-ақ, №712/711 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Шымкент" коммерциялық пойызы 8 желтоқсанынан бастап күн сайын қатынайтын болады.

Пойыз кестесіне қатысты сұрақтар бойынша, ұлттық тасымалдаушының Бірыңғай анықтама қызметі "105" нөміріне хабарласуға болады (стационарлық телефоннан қоңырау тегін).

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды