"Тоттенхэм" шабуылшысы Чемпиондар лигасында рекорд орнатты

Twitter
Ол Дель Пьеро мен Ван Нистелройдан асып түсті.

Лондондық "Тоттенхэм" шабуылшысы Харри Кейн Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің бесінші турындағы Грекияның "Олимпиакосына" қарсы ойында дубль авторы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Осылайша, 26 жастағы ағылшын футболшысы бұл турнирде 20 доп соғып отыр. Кейн Чемпиондар лигасындағы 20 матчта 24 доп соққан.

Бұрынғы рекордтың иесі 26 ойында 20 доп соққан Алессандро Дель Пьеро болатын. Бұл тізімдегі үшінші орын Руд Ван Нистелройда, ол 27 матчта 20 доп соққан.

Лондонда өткен матчта 4:2 есебімен алаң иелері жеңіске жетті. Тоғыз ұпай жиған "Тоттенхэм" Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шығып үлгерді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео