"Сергек" эвакуаторға тиелген көлікке айыппұл салып жіберді

factum.kz
Айыппұл эвакуатор иесіне емес, оған тиелген жеңіл көлік иесінің атына келген.

Өскеменнің "Сергек" жүйесі шамадан тыс сергектік танытып қойып, артынан дау шығып жатыр. Эвакуаторға тиелген күйі кетіп бара жатқан жеңіл көлікке жылдамдық үшін айыппұл келді, деп жазады Factum.

Рұқсатты жылдамдық сағатына 60 шақырымдық жерде 77-мен жүрген эвакуатордың нөмірін танымаған "Сергек" жүйесі 12 625 теңге айыппұлды оған тиелген жеңіл көліктің иесіне айдап жіберіпті.

Көлік иесі – әйел адам екен. Ол қазір шу шағарып, дауласып жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі