Тоқаев шағын құрамдағы келіссөз жайында: "Өзара түсіністікке келдік"

zakon.kz
Бесінші отырысқа Тоқаевпен бірге Қазақстанның бірнеше министрлері бар шағын делегация да келді.

Қырғыз Республикасына мемлекеттік сапары кезінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ала-Арча резиденциясында өзінің әріптесі Сооронбай Жээнбековпен шағым құрамда келіссөздер өткізді. Қазақстан мен Қырғыз Республикасы Жоғары Мемлекетаралық кеңесінің бесінші отырысы басталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алдындағы төртінші отырыс 2014 жылы Қазақстан астанасында өткен болатын. Бұл кеңес екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жоғарғы органы болып табылады.

Бесінші отырысқа Тоқаевпен бірге Қазақстанның бірнеше министрлері бар шағын делегация да келді.

- Біздің отырыстың күнтәртібі ауқымды және қазақ-қырғыз ынтымақтастығының өте өзекті мәселелерін қамтиды. Бірақ, негізінен, біз басты мәселелерді шағын құрамда талқылап кеттік, арадағы бар мәселелерді қалай және қашан шешу бойынша толықтай өзара түсіністікке келдік. Біз кеңейтілген құрамда өзара тиімді және ымыраға келетін шешімдер қабылдайтынымызға сенімдімін, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жиынның соңында қос Президент баспасөз алдында бірқатар бірлескен құжаттарға қол қою үшін шығады деп күтілуде.

Альберт Ахметов, Бішкек

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды