Алматыда сервис және технологиялар колледжінің бас бухгалтері ұсталды

zakon.kz
Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің бас бухгалтері бюджет қаражатын жымқырғаны үшін күдікке ілінді.

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Алматы қаласы білім басқармасының "Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің" бас бухгалтеріне қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол "Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" бойынша бөлінген 14 млн. 131 мың теңге сомасындағы бюджет қаражатын жеке карта шотына негізсіз аудару жолымен жымқырғаны үшін күдіктелуде.

Күдіктінің өз кінәсін мойындауына, келтірілген шығынды толық өтеуіне, оның және қорғаушысының келу туралы міндеттеме беруіне байланысты оған қатысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ.

Күдікті кінәсінің деңгейі туралы соңғы шешімді сот шығарады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған