Ирак түрмесінде өз аналарымен жатқан қазақстандық 14 бала қайтарылды

ҚР СІМ баспасөз қызметі
Құжаттандыру үдерісі мен оңалту кезеңі аяқталғаннан кейін балалар өз туыстарымен қауышатын болады.

Ағымдағы жылдың 27 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылған гуманитарлық акция нәтижесінде Ирактан Қазақстанға Ирак түрмесінде өз аналарымен жатқан 14 қазақстандық бала қайтарылды. Олардың аналары сотталып, түрмеде террористік әрекетке қатыстылығы үшін жазасын өтеп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш гуманитарлық акция балалардың аналары мен туған-туыстарының сұрауы бойынша Сыртқы істер министрлігі бірқатар мемлекеттік органдармен, отандық үкіметтік емес құрылымдармен және халықаралық ұйымдармен тығыз байланыса отырып жүзеге асырды.

Ирактың билігіне және осы акцияны жүзеге асыруға атсалысқан барлық тұлғалар мен ұйымдарға көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.

Құжаттандыру үдерісі мен оңалту кезеңі аяқталғаннан кейін балалар өз туыстарымен қауышатын болады.

2019 жыл Қазақстан Республикасы мен ЮНИСЕФ үшін маңызды. Осыдан тура 30 жыл бұрын БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясына қол қойылды, ал ақпан айында біздің осы Конвенцияны ратификациялағанымызға 25 жыл толды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды