Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті
2019 жылдың 28 қантарында облыс әкімі А.Мырзахметов бекіткен іс-шаралар жоспарының 26 тармағына сәйкес, Жамбыл облысының 80 – жылдығы және Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай өзге этнос өкілдері жастары арасында эссе байқауы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы мен облыс әкімі аппаратының "Қоғамдық келісім" КММ ұйымдастырған байқауға аймақтың жоғарғы оқу орындары мен колледждерден барлығы 60-қа жуық студент қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша дәстүрлі байқаудың биылғы жылғы қатысушыларының саны өткен жылдармен салыстырғанда едәуір артқан.
Байқаудың басты мақсаты мемлекеттік тілдің маңыздылығын саналы түрде сезіндіре отырып, құрметтеуге тәрбиелеу, отансүйгіштік қасиетін арттырып, еліміздің бәсекеге қабілетті жастар қатарына қосылуына ықпал ету, жастардың бойында жоғары әлеуметтік белсенділік пен шығармашылық әлеуетін дамыту болып табылады.
"Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауына қатысуға облыстағы әр жоғары оқу орындары және колледждерден 4-5 студенттен қатысты. Олардың өтініштері ағымдағы жылдың қыркүйек айының 16 –шы жұлдызына дейін қабылданды.
Эссе байқауына қатысушы жастардың байқау барысында тәртіп бұзбауын қадағалап, талапқа сай болуларын назарларында ұстаған қазылар құрамында №8 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Самекова Қаламқас Нұрланқызы, №44 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сыдықова Сәуле Оменқызы және №53 мектеп гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы Сеитбекова Меруерт Исмаилқызы болды.
Байқауға қатысушыларға қойылар басты талап "Жамбылым-жер жаннатым" тақырыбында 60 минут ішінде қазақ тілінде 250 сөзден кем болмауы тиіс және ережеде көрсетілген критерийлерге сай эссе жазып шығулары керек болатын.
Байқау қортындысы бойынша Тараз мемлкеттік педагогикалық университетінен Газаева Маргарита және Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінен Дурсунова Ульфедина І орынды иеленді. ІІ орынды М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінен Газаева Салимат, №13 Тараз теміржол колледжінен Сарыбаев Тимур, "Парасат" колледжінен Юлдашева Диера және Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінен Столярова Карина қанжығалады. Ал, ІІІ орын Жамбыл жоғары медициналық колледжінен Амзова Нилюфар, №13 Тараз теміржол колледжінен Каракулов Зафар, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінен Хакимов Умитжон, Жамбыл политехникалық жоғары колледжінен Телепко Руслан, Цхай Камилла және Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінен Мирзаева Эльмираға бұйырды.
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар мен дипломдарға ие болды. Қалған қатысушыларға жаппай ынталандыру сыйлықтары және алғыс хаттар табысталды.