Семейде ауыл жастарының форумы өтті

Семей қаласының ақпараттық орталығы
Форум Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің қолдауымен "Шығыс жастары" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілді.

Бизнесті қалай құру, белгілі мақсатқа қол жеткізу, көшбасшылық қасиеттерді дамыту сынды мәселелер форум аясында дайындалған оқыту семинарлары, конкурстар мен тұсаукесерлер барысында талқыланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Кездесу Абай атындағы кітапхана қабырғасында өтті. Оған Семей қаласының құрамына кіретін барлық 14 ауылдық округтерден келген жастар қатысты. Форум Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің қолдауымен "Шығыс жастары" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілді.

– Жыл бойы ауылдық округтерде "Жастар жылы" аясында түрлі іс-шаралар, соның ішінде спорттық, мәдени, білім беру іс-шараларын өткіздік. Біз үшін жастарды біріктіру, түрлі проблемалық мәселелерді шешуге көмектесу, оларға өз әлеуетін ашуға, әртүрлі салаларда жүзеге асыруға көмектесу өте маңызды. Осындай мақсаттарды да бүгін Ауыл жастары форумын өткізу кезінде алға қоятын боламыз, - деді "Шығыс жастары" қоғамдық қорының жетекшісі Айдос Төлеуханов.

Оқу семинарларын, конкурстар мен тұсаукесерлерді өткізу үшін кездесуге әр түрлі жастар ұйымдарының өкілдері, жетістікке жеткен жас кәсіпкерлер, жастар дебаттық клубтардың қатысушылары, спортшылар шақырылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті