Ақтөбе облысында Сот әкімшілігінің бөлім басшысы ақша жымқыру күдігіне ілікті

zakon.kz
Ол жалақыны негізсіз артық мөлшерде есептеп, 1 млн 176 мың теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Ақтөбе облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесіп, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен "Ақтөбе облысы бойынша Сот әкімшілігі" РММ қаржы бөлімінің басшысын әшкереледі, деп хабарлайды zakon.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол өзіне негізсіз артық мөлшерде жалақыны есептеп, жалпы сомасы 1 млн 176 мың теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Күдікті өзінің кінәсін мойындауына және күдікті мен оның қорғаушысы сотқа дейінгі тергеуді жеңілдетілген өндірісте аяқтау туралы өтінішіне байланысты күдіктіге қатысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ.

Күдікті кінәсінің деңгейін анықтай отырып, оған қатысты соңғы шешімді сот шығарады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады