Қаржы министрлігі Жаңа жыл тойламайды - министр

Ашық дерекөздерден алынды
Жалпы, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік компаниялар корпоративті іс-шараларды бюджет және мемлекеттік компаниялар есебінен өткізбеуі керек деп ойлаймын - министр.

Үкімет дәлізінде ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары-Қаржы министрі Әлихан Смайылов мемлекеттік органдарда және квазимемлекеттік секторда Жаңа жылды тойлауға, оған бөлінетін ақшаға қатысты өз көзқарасын білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

- Корпоративтік іс-шараларға келетін болсақ, Қаржы министрлігі биыл Жаңа жылды тойламайды, көңіл көтеру іс-шараларын өткізу жоспарымызда жоқ. Жалпы, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік компаниялар корпоративті іс-шараларды бюджет және мемлекеттік компаниялар есебінен өткізбеуі керек деп ойлаймын. Егер жиналып, көңіл көтеруге ниет болса, мұны жұмысшылар өз есебінен жасай алады. Жұмысшылар өздері бас қосып, тойлаймын десе, өз еркі, оған қатысты ешқандай проблема жоқ, - деді ол.

Сондай-ақ, министр дүкенге жиі бас сұғып, үйге заттар сатып алатындығын айтады, сондықтан бағаның қалай өзгеріп жатқанын өз көзімен көретінін жеткізді.

- Дүкендерге жиі барамын, апта сайын десе де болады, сондықтан бағалардың қалай өзгеріп жатқанына өзім куәмін. Жалпы, қараша айында еліміздегі инфляцияның жылдық мөлшері 5,4% құрады. Иә, кейбір тауардың бағасы қайта-қайта қымбаттап жатса, ал кейбіреулері, керісінше төмендеген, тіпті кейбір баға сол қалпы тұрақты. Жалпы, бұл бізге инфляциялық процестерді белгіленген межеде ұстап тұруға мүмкіндік береді. Әрине, өскен баға бірден көзге түсетіні белгілі. Бірақ біз бұл проблемамен айналысып жатырмыз және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны көтеру мәселесін ерекше назарда ұстаймыз, - деп атап өтті Смайылов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты