Қызылордадағы жол апатына байланысты Тоқаев көңіл айтты

Ақорда
Зардап шеккендердің отбасыларына қажетті көмек көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысындағы апатқа байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Президент өзінің Твиттерінде жазды.

"Қызылорда облысында автобус апатынан қаза тапқан адамдардың туыстарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендердің отбасыларына қажетті көмек көрсетіледі. Жол қауіпсіздігі тиісті ведомстволар мен әкімдіктердің ерекше назарында болуы тиіс" деп жазды Тоқаев.

Қызылорда облысына 3 желтоқсанда сағат 4.30 шамасында осы өңірдегі Құмкөл кен орнынан Шымкент қаласына кетіп бара жатқан "South Oil" ЖШС автобусы жол-көлік оқиғасына ұшырады. Алдын ала мәліметтер бойынша, автобус ішінде 35 адам болған. Қазіргі уақытта сегіз адам қайтыс болып, 21 адам жарақат алғаны белгілі. Апатқа жол ережесінің бұзылуы және көктайғақтың себеп болуы мүмкін. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-тармағы, яғни "Көлік құралын басқарған адамның жол ережелерін немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз