Си Цзиньпинь Тоқаев пен Назарбаевқа сәлем жолдады

ҚР СІМ баспасөз қызметі
Сондай-ақ, Қытай басшысы екі ел арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдету мақсатында Қазақстанмен тығыз саяси диалогты жүргізуге дайын екенін мәлімдеді.

Пекинде Қытай Халық Республикасындағы ҚР елшісі Ғабит Қойшыбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресми рәсімнен кейін болған әңгіме барысында ҚХР Төрағасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы құттықтаулар мен ізгі тілектерін жеткізді.

Сондай-ақ, Қытай басшысы екі ел арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдету мақсатында Қазақстанмен тығыз саяси диалогты жүргізуге дайын екенін мәлімдеді.

Өз кезегінде Қойшыбаев қазақстандық тараптың Қытаймен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға және тереңдетуге дайындығын қуаттай отырып, ол жаңа лауазымында екіжақты стратегиялық серіктестікті жаңа сапалық деңгейге көтеру үшін барлық күш-жігерін салатынына сендірді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін