Түркіменстан әйел жүргізушілерден "құтылған" мемлекет болғалы тұр

tm.hronikatm.com
Бұл өзі көшеде көлік жүргізетін әйелдер санын қысқарту саясаты сияқты көрінеді.

Ашхабад билігі әйелдердің мерзімі өткен жүргізуші куәліктерінің мерзімін созып беруден бас тартуда. Жыныстық алалаушылық бейресми түрде жүргізілуде.

Көлік рөлінде 20 жылдық тәжірибесі бар Ашхабадтық әйел жүргізуші куәлігін жаңасына ауыстыра алмай жүр, деп хабарлайды "Радио Азатлыкқа" сілтеме жасаған kolesa.kz.

Әйел полицияға қайта-қайта барады, бірақ оның құжаттарын себебін түсіндірместен кері қайтаруда.

– Әйел жүргізушілердің құқығын шектеуге нұсқау беретін құжаттарды көрсетуін талап еткенімде полиция қызметкері мұның жоғарыдан ауызша келген бұйрық екенін мойындады, – дейді ол. Оған полиция қызметкері "Мені түсініңіз, құжаттарыңызды қабылдай алмаймын" депті.

Түркімен астанасында дәл осындай қисынсыз жағдайға тап болып отырған әйелдер көптеп кездеседі. Бұл өзі көшеде көлік жүргізетін әйелдер санын қысқарту саясаты сияқты көрінеді. Биыл көктемде жергілікті полицейлердің көлік рөліндегі әйелдерді жаппай тоқтатып, түрлі себептермен жүргізуші куәліктерін тартып алып, кейін қайтармай қойғаны бар.

Түркіменстан билігі әйел-жүргізушілердің құқығын шектеу жайында ешқандай түсініктеме берген жоқ. Журналистер де ресми органдардан бұл жағдайға байланысты ешқандай ақпарат ала алмай келеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі