Қайрат Келімбетов АХҚО қызметкерлерінің қанша жалақы алатынын айтты

bcb.su
АХҚО қызметкерлерінің жалақысы "Бәйтерек" холдингі деңгейінде белгіленді.

"Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов АХҚО қызметкерлерінің еңбекақысы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның атап өтуінше, АХҚО қызметкерлерінің жалақысы "Бәйтерек" холдингі деңгейінде белгіленді.

"Менің ойымша, "Бәйтеректе" басқарушы персонал орташа есеппен 5 мың доллар шамасында алады", - деп нақтылады Қайрат Келімбетов Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Сонымен қатар ол АХҚО қызметкерлері бонустар алмайтынын айтты.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мәжілістің жалпы отырысында "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Конституциялық заң жобасы мақұлданды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Шағын футболдан Еуропа чемпионаты: Қазақстан Венгрия құрамасын ұтып, финалға жолдама алды

Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды