Президент республикалық бюджет туралы заңға қол қойды

ҚР СІМ
Қаражатты қайта бөлу және үкіметтің резерві есебінен бюджеттің шығыс бөлігі 40,8 млрд теңгеге артқан.

Мемлекет басшысы "2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Биыл 28 қарашада ҚР Парламенті Мәжілісі 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын қабылдады. ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар Сенаттың "2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасына енгізілген түзетулермен келісті.

Қаражатты қайта бөлу және үкіметтің резерві есебінен бюджеттің шығыс бөлігі 40,8 млрд теңгеге артқан.

Жалпы, Ұлттық экономика министрлігінің болжамдары бойынша, республикалық бюджет кірістері (трансферттерді қоспағанда) 2020 жылы 8,1 трлн теңгені, 2021 жылы 8,7 трлн теңгені және 2022 жылы 9,5 трлн теңгені құрайды. 2020 жылы бюджет тапшылығы ЖІӨ-нің 2,1% деңгейінде жоспарлануда, одан кейін 2021 жылы ЖІӨ-нің 1,5% -на дейін және 2022 жылы ЖІӨ-ге 1,0% -дан төмендейді. Осы параметрлер негізінде 2020 жылы республикалық бюджеттің шығындары 12,9 трлн теңге, 2021 жылы - 13,2 трлн теңге, 2022 жылы - 13,7 трлн теңге көлемінде анықталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі