Сабыр сақтаңыздар! Бүгін Алматыда дабыл қағылады

inform.kz
Департамент қала тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтауға шақырады!

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті 2019 жылғы 05 желтоқсанда уақытпен 12 сағат 55 минутта құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығын тексереді, деп хабарлайды zakon.kz Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеру электр дабылдарын қосу арқылы «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналын беріп, теле және радио тарату арналарын автоматты түрде қамтумен бір уақытта халықты құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығын тексеру жүргізіліп жатқаны туралы хабар беру қарастырылуда.

Әр айдың бірінші бейсенбіде сағат 12:55-те құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығын тексеру жүргізіледі. Осыған байланысты Департамент қала тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтауға шақырады!

Егер сигнал үйде берілсе:

- радио, радиотрансляциялық және теледидар қабылдағыштарды қосыңыз;

- шұғыл хабарды тыңдаңыз;

- берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.

Егер сигналды көшеде естісеңіз:

- көшедегі дауыс зорайтқыштармен және жылжымалы хабарлау құралдарымен берілетін шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;

- берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін