Қазақстан мен Түркия бірлескен әскери жаттығулар өткізеді

politrussia.com
Келісімнің негізгі мақсаты Қазақстан мен Түркия арасындағы теңдік пен өзара тиімділік қағидаттарына негізделген ұзақ мерзімді әскери ынтымақтастықты одан әрі дамыту болып табылады.

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Құжатта көрсетілгендей, келісімнің негізгі мақсаты Қазақстан мен Түркия арасындағы теңдік пен өзара тиімділік қағидаттарына негізделген ұзақ мерзімді әскери ынтымақтастықты одан әрі дамыту болып табылады.

- Екі елдің өзара іс-қимылы келісімі әскери дайындық пен білім беру сияқты әскери ынтымақтастық салаларын; бірлескен жаттығулар жүргізу; қорғаныс өнеркәсібі; әскери, ғылыми-техникалық зерттеулер; сонымен қатар картография, гидрография, геодезиялық қолдау және басқа да салаларды қамтиды. Оның ережелерінде келісімді іске асыру жөніндегі уәкілетті органдары, келісім бойынша берілген немесе алынған ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету тәртібі көрсетілген, - делінеді Сенаттың хабарламасында.

Сондай-ақ, құжат шақырумен алдыртылған қызметкерлер және олардың асырауындағы адамдар, сондай-ақ шақыру бойынша оқуға келген адамдар қабылдаушы тараптың терриориясында болуына байланысты әкімшілік, құқықтық, қаржылық, медициналық және басқа мәселелерді де реттейді.

Сенаторлар заң жобасын қолдап, ол әскери салада Қазақстан үшін үлкен мүмкіндіктер туғызады және екі ел арасындағы әскери ынтымақтастықтың дамуына оң әсер етеді деп сенеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды