Шымкенттегі полиция бекетінде қаңғыбастар арақ ішіп, ұйықтап жүр

видеодан кадр
Қараусыз қалған полиция бекеті.

Шымкентте полиция бекеті қаңғыбастар мекеніне айналып кеткен, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Дүңгіршекті жергілікті қаңғыбастар өздерінің жиналатын жері етіп алыпты. Осында әңгімелеседі, арақ ішеді, ұйықтайды. Полиция департаменті Шымкентте мұндай бекеттің нақты қанша екенін де білмейтін болып шықты. Олардың айтуынша, облыс пен қала бөлінген соң қалалық департамент жағдайы жасалған, ішінде жылуы мен телефон желісі тартылған 15 постты ғана меншігіне алған. Қалғандары қаңтарылып далада қалған. Мәселен, Қазнетте шу тудырған бұл орын үш жыл бұрын жекеменшік базардың аумағына қойылып, бір айдан аса уақыт қана полиция отырыпты. Содан бері қаңғыбастар үйі болып тұр.

Ұлбира Тілеубердиева, Шымкент қаласының тұрғыны:

- Талай осы жерде қаңғыбастар арақ, сыра ішіп отырғанын көріп, қудым да. Онымен осы жердің адамын қашанғы қуа берем? Заңсыз, міне... Қарауылы жоқ. Егесіз болғаннан кейін сондай болады. Сондықтан сіздерден өтініш, заңды жеріне барып орналастырыңыздар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды