Қалқаман Сарин жаңа қызметке тағайындалды

baq.kz
Ол Өскемен қаласының мәдениет, ішкі саясат, және тілдерді дамыту басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Ақын, "Дарын" мемлекетік жастар сыйлығының лауреаты Қалқаман Сарин Өскемен қаласының мәдениет, ішкі саясат, және тілдерді дамыту басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар Facebook-тегі парақшасында жазды.

Қалқаман Сарин 1998 жылы Евразия ұлттық университетін "Тарих" мамандығы бойынша тәмәмдаған. 2014 жылы аталмыш оқу орнының магистратурасын аяқтап, гуманитарлық ғылымдардың магистрі атанды.

Еңбек жолын ұстаздықтан бастап, 1998 жылдан 2008 жылға дейін Қазақ Ұлттық Музыка академиясында оқытушылық қызмет атқарған.

2008-2018 жылдар аралығында Евразия ұлттық университетінде оқытушы және ректордың кеңесшісі болып еңбек етті. 2018-2019 жылдары "Шалқар" ұлттық радиосының директоры қызметін атқарды.

ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ақын Қалқаман Сарин шығармашылықта да мол табысқа қол жеткізген. Халықаралық "Шабыт" фестивалінің лауреаты. "Алтын қалам" әдеби сыйлығының жеңімпазы. ҚР Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді