Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтан Сартаевтың отбасына көңіл айтты

Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Сұлтан Сартаевтың еліне сіңірген ерен еңбегін, өнегелі өмірімен халықтың шынайы құрметіне ие болған жан екенін, сондай-ақ, асыл азаматтың өмір жолы кейінгі ұрпаққа үлгі болатынын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтан Сартаевтың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, танымал ғалым, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, заң ғылымдарының докторы Сұлтан Сартаевтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

– Сұлтан Сартайұлының дүниеден өтуі туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдадым. С.Сартаев Тәуелсіз Қазақстан Конституциясының негізін қалаушылардың бірі болды. Еліміз егемендік алған тұста отандық заңнаманың қалыптасуына, демократиялық құндылықтардың орнығуына мол еңбек сіңірді. Соңына жарқын із, өшпес мұра қалдырды, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сұлтан Сартаевтың еліне сіңірген ерен еңбегін, өнегелі өмірімен халықтың шынайы құрметіне ие болған жан екенін, сондай-ақ, асыл азаматтың өмір жолы кейінгі ұрпаққа үлгі болатынын атап өткен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз