Энергетика министрі Бозымбаевтың отставкаға кетуіне не себеп?

Оның мойын омыртқасына ота жасалған.

Бозымбаевтың баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеңісбек өзінің телеграмм-арнасында Энергетика министрінің неге отставкаға кеткенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.

- Бозымбаев мырза Қазақстан Республикасы Президентіне мойын омыртқасына жасалған отаға байланысты денсаулығының жай-күйі туралы баяндады. Оған дәрігерлер көлік пен әуе сапарларынан барынша бас тартуға кеңес берген. Сонымен қатар дәрігерлер оған ұзақ уақыт физиотерапиялық ем қабылдау керектігін айтты, - деп жазды ол.

Өздеріңіз білетіндей, министр қызметі аймақтарға жиі сапарларлап шығуды (өнеркәсіптік нысандарға, станцияларға және кен орындарына) және шетелдік ұйымдармен, соның ішінде халықаралық ұйымдармен (ОПЕК, МАГАТЭ және басқалармен) келіссөздер жүргізуде ұшуды қажет етеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: