Ұлттық банк инфляция көрсеткішінің төмендейтінін болжайды

zakon.kz
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының баяу өсуіне байланысты инфляция болжамы төмендеу тұрғысында қайта қаралды.

Орта мерзімді перспективада инфляция біртіндеп баяулап, 5,0-5,5% деңгейінде тұрақтайды. Осылай деген Ұлттық банк инфляция деңгейінің төмендеу себептерін атады, деп хабарлайды zakon.kz.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының баяу өсуіне байланысты инфляция болжамы төмендеу тұрғысында қайта қаралды. Сонымен бірге, келесі жылдың басында инфляциялық тәуекелдердің пайда болуы ықтимал, бұл ақылы қызметтер бағасының өсуі мүмкіндігіне байланысты. Алайда, инфляция болжамды 4-6% шегінде қала береді.

- Инфляцияның баяулауына Ресейдегі, ЕО-дағы және Қытайдағы инфляцияның белгіленген деңгейден төмен болуы қолайлы жағдай туғызды, сондай-ақ фискалдық ынталандыру әсерінен ішкі сұраныстың төмендеуіне байланысты қысым да біртіндеп әлсірегені ықпал етті, делінеді Ұлттық Банктің тоқсан сайынғы «Инфляциға шолу» басылымында.

Сонымен бірге, шошқа етінің азаюы салдарынан ет бағасының өсуіне байланысты Қытайдағы қазіргі инфляцияның жеделдеуі қысқа мерзімді болып табылады. 2020 жылы ішкі сұраныстың баяулауына байланысты Қытайдағы инфляция деңгейі тағы түседі, АҚШ долларының Қытай юанына қатты ықпал еткеніне қарамастан.

Ұлттық банктің болжамына сәйкес, 2019 жылдың қорытындысы бойынша, Ресейде инфляция 3,2% -дан 3,7% -ға дейін артады, әрі қарай 2020 жылдың 1-тоқсанында 3,0% төмен түседі.

Сонымен бірге, Ұлттық банктің сарапшылары АҚШ Федералды резервінің және басқа орталық банктердің байқап-байқап мәлімдеме жасауы әлемдік капиталдың дамыған елдердің пайдасына қайта бөлу тәуекелдерін азайтады және дамып келе жатқан нарықтағы елдердің, оның ішінде Қазақстанның валюталарына қысым төмендейді деп санайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы