Алматыда жұмыс істейтін жастарға 546 пәтер жалға беріледі

inbusiness.kz
Өтініштер 29 желтоқсанға дейін қабылданады.

16 желтоқсанда Алматыда жұмыс істейтін жастарға жалдамалы пәтер алуға өтініштер мен құжаттарды қабылдаудың екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды zakon.kz Қалалық тұрғын үй саясаты басқармасы сайтына сілтеме жасай отырып.

- Алматы қаласының әкімдігі екінші пул бойынша Алатау ауданындағы 546 пәтерді сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтер ретінде беруге Алматыдағы жұмыс істейтін жастардан 2019 жылдың 16-29 желтоқсан аралығында өтініштер мен құжаттарды қабылдай бастағанын хабарлайды. Қалған пәтерлер болса, оған кейін қосымша өтініштер мен құжаттар қабылдайтындығы алдын ала жарияланады, делінген хабарламада.

Ережеге сәйкес, жалға берілетін пәтерді алуға 29 жасқа толмаған Қазақстан азаматтары қатыса алады. Сату құқығы жоқ жалдамалы тұрғын үй бес жыл мерзімге ұсынылады.

Жалдамалы тұрғын үйлер қаланың ішінен қарастырылған. Мұндай пәтерлер алғашқы пул бойынша Алатау ауданының Көкқайнар ықшамауданынан берілген болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады