Шексіз мүмкіндіктер университеті

Оқуға қабылдау кезінде Ақанның диагнозын ескере отырып, емтихан кезінде біраз уақыт берілді, өйткені оған жауап бланкілерін толтыру қиын. Осылайша барлық талапкерлерге тең жағдайлар жасалды.

Ақан Айсин табиғатынан мақсатына ұмтылған адам, - дейді оның бұрынғы оқытушысы. Бұл бірегей ерекше жағдай. Жас жігіттің өз бетінше жаза алмайтыны соншалық, ол феноменальды есте сақтау қабілеті арқылы ақпаратты ауызша меңгереді. Оның ең басты арманы – диагнозға қарамастан, Қазақстанның жетекші университетіне оқуға түсу екенін атап өтті.

Оқуға қабылдау кезінде Ақанның диагнозын ескере отырып, емтихан кезінде біраз уақыт берілді, өйткені оған жауап бланкілерін толтыру қиын. Осылайша барлық талапкерлерге тең жағдайлар жасалды.

Ақан емтихандарды сәтті тапсырып, Назарбаев Университетінің Дайындық Мектебіне - NUFYP (Nazarbayev University Foundation Year Program) оқуға түсті, бір жылдан соң бакалавриат конкурсына қатысты.

Инклюзия, мүмкіндігі шектеулі жастарға барлық жағдайларды жасау – бұл Университеттің үлкен артықшылығы мен саясаты, - деп Ақанның анасы қуана атап өтті. NUFYP басшылығы оқытудың жеке әдістемесін әзірледі. Ақанға қолында қалам ұстау қиын болғандықтан, профессорлар емтихан тапсыру форматын жазбашадан электронды түрге ауыстырып, көмекшіні берді, оқу материалын толығымен оған сәйкес бейімдеді. Бұл ретте, ол үшін қандай да бір артықшылық болған жоқ, өйткені Университет үшін бәсекелестік ортаны сақтау өте маңызды.

"ВКонтакте" әлеуметтік желісінде Ақан өз парақшасын жүргізеді, онда ол Назарбаев Университетіне оқуға түсу бойынша кеңес береді, өтінімді толтыруға көмектеседі және емтихандарға дайындалуға кеңестер беріп, өз тәжірибесімен бөліседі.

- Арманыңызды табандылықпен орындаңыз! Сіздің диагнозыңыз елдегі ең жақсы университетте білім алуға және қоғам үшін пайдалы болуға кедергі емес. Ең бастысы – ынта, табандылық және өзіне деген сенімділік, - дейді Ақан.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: